​ШЫМКЕНТ: қала тұрғынының бұзылған құқығы қалпына келтірілді

0
450

Нәтижесінде өтініш иесіне атаулы әлеуметтік көмек тағайындалда.


​ШЫМКЕНТ: қала тұрғынының бұзылған құқығы қалпына келтірілді

ERNUR.KZ. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау құзыреті бойынша Шымкент қаласының мансаптық орталығының көрсететін «Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау» мемлекеттік қызметіне қатысты жеке тұлғаның шағымын қарады.


Қарау барысында, атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтың өтініші қағидаға сай бола тұра аталған орталық тарапынан тіркеуден бірнеше рет негізсіз бас тартылып, атаулы әлеуметтік көмек тағайындалуға жатпайтындығын негізсіз мәлімдегендігі анықталды.

Нәтижесінде, Департаменттің ұсынымы негізінде орталықтың бұзушылыққа жол берген қызметшісінің тәртіптік жауапкершілігі қаралып, өтініш иесіне атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, құқығы толықтай қалпына келтірілді.

Сонымен қатар, аталған бұзушылықтардың алдағы уақытта қайталануына жол бермеу мақсатында, қаланың 5 ауданы бойынша әр орталықтың қызметшілеріне алдын алу жұмыстары жүргізілді.