Үшінші мегаполистің Денсаулық сақтау басқармасының басшысы отставкаға кетті
Үшінші мегаполистің денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев өз еркімен жұмыстан кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Бұл туралы Асхан Байдувалиев өзінің facebook парақшасында мәлімдеген.
"Қайырлы кеш, қымбатты достар! Бүгін мен Денсаулық сақтау басқармасының басшылық қызметінен отставкаға кеттім. Республикалық маңызы бар Шымкент қаласында аз уақыт ішінде үлкен тәжірибе жинадым, сонымен қатар көптеген жаңа достар мен серіктестер таптым! Мен қала әкімі М.Айтенов басқаратын әкімдікке, барлық депутаттар корпусына, денсаулық сақтау басқармасының ұжымына, дәрігерлерге, сондай-ақ Шымкент қаласының тұрғындарына мейірімділік пен түсіністік танытқандары үшін алғысымды білдіргім келеді! Баршаңызға мықты денсаулық және барлық істерде өркендеу тілеймін! Ал сүйікті Шымкент қаламыз өркендеп, дами берсін!"