ШЫМКЕНТ: қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының биылғы 5 айда атқарған жұмысы туралы баспасөз конференциясы өтті

0
227


ШЫМКЕНТ: қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының биылғы 5 айда атқарған жұмысы туралы баспасөз конференциясы өтті

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының 2024 жылдың 5 айында атқарылған жұмыстар туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.

Шымкент қаласы қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Керімжанов Мерлан Әбдірахманұлы басқарма жұмыстарымен таныстырды.

Спикердің айтуынша, 2024 жылдың 5 айында Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына лицензиялау бойынша жалпы саны 366 өтініш түскен (5 ай- 258), оның ішінде лицензия берілгені 119 (5 ай -75), оның ішінде (лицензия-39 (5 ай -7), переоформление-80 (5 ай -68), бас тартылғаны 11 (5 ай - 120) және кері қайтарылғаны 236 (5 ай -171) өтініш болып отыр.
Жыл басынан құрылыс саласында сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзегі асыру үшін 33 (5 ай - 20) сарапшылардың аттестаты берілген.
Сондай ақ, Қазақстан Республикасының азаматтық Кодексіне сәйкес 37 нысанға талап арыздар жолданған.
- 37 құрылыс нысандарына мәжбүрлеп бұзу туралы сот шешімі шықты.
- 10 сот шешімімен қанағаттандырусыз қалдырылды.
- 17 сот шешіміне сәйкес мәжбүрлеп бұзылды.
- 10 сот орындаушылар палатасына жолданған.
Еске сала кетсек, Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының негiзгi бағыттары:
- сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыру;
- құрылыс қызметi субъектiлерiн лицензиялау және мамандарды аттестаттау;
- тұрғын үй инспекциясы;
- газтехникалық инспекция.
Жыл басынан бері басқармаға құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталатындығы туралы 384 хабарлама басқарма реестрінде тіркелген. Шымкент қаласы қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысының м.а. Керімжанов Мерлан Әбдірахманұлының сөзінше:
- бюджеттік қаражат есебінен - 35 хабарлама.
- жеке қаражат есебінен - 349 хабарлама.
Объектілердің пайдалануға қабылдау актілерін салыстырып қарау бойынша 345 өтініш түскен. Оның ішінде 108 өтініші оң қараумен қаралған.
Құрылыс объектілері бойынша 79 (5 ай - 338) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Құрылыс сапасына қатысты – 8 (5 ай -15) құрылыс объектілері бойынша 8 (5 ай - 15) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын мәлімдеді Мерлан Әбдірахманұлы.

Бөлісу