​Шымкент қалалық сотында «Кінәсіздік презумпциясы» тақырыбында тренинг ұйымдастырылды

0
230

Күн тәртібіндегі талқыланған тақырыптың өзектілігін айтып, жиынға уақыт бөліп келген қатысушылар пікір бөлісті


​Шымкент қалалық сотында «Кінәсіздік презумпциясы» тақырыбында тренинг ұйымдастырылды

Шымкент қалалық сотында «Қадір-қасиет» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Кінәсіздік презумпциясы» тақырыбында тренинг өтті.

Іс-шараға Шымкент қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы мен судьялары, Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының төрағасы мен судьялары және «Қадір-қасиет» Қоғамдық бірлестігінің директоры мен Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша уәкілдері сонымен қатар, Шымкент қаласының Адвокаттар алқасының адвокаттары мен құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.
Алқа төрағасы Б.Дүйсебеков жиынды ашып: «Кінәсіздік презумпциясы қағидаты – жалпыланған формулада тұжырымдалған. Тұжырымға сәйкес, ол қылмыс жасады деп айыпталған адамның кінәсі заңда белгіленген тәртіппен дәлелденгенге дейін және соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін кінәсіз деп саналады. Адамды мемлекет пен қоғам құзыретті сот билігінің заңды тәртібімен өзгеше дәлелденіп, белгіленгенге дейін адал, парасатты деп қарауы керек. Осы тренинг туындаған ұсыныстар мен ойларымызбен бөлісіп-алмасуға мүмкіндік береді деп сенемін», - деді.
Іс-шара барысында «Қадір-қасиет» қоғамдық бірлестігінің директоры А.Ибраева мен Адвокаттар алқасының адвокаттары З.Асадов пен Б.Усетов баяндама жасап, өз ойларын ортаға салды.
Қатысушылар күн тәртібіндегі мәселе бойынша өзара пікір алмасты.
Іс-шараны қорытындылай келе Н.Аманқұлова, күн тәртібіндегі талқыланған тақырыптың өзектілігін айтып, жиынға уақыт бөліп келген қатысушыларға пікір бөліскендері үшін алғысын білдірді.
Бөлісу