Шымкент қаласы әкімі жанындағы Жастар кеңесінің отырысы өтті

0
112

2026 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды.


Шымкент қаласы әкімі жанындағы Жастар кеңесінің отырысы өтті

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы Құранбектің төрағалығымен Шымкент қаласы әкімі жанындағы Жастар кеңесінің алғашқы отырысы өтті.

Жиынға аудан әкімдіктерінің өкілдері, басқарма басшылары және Жастар кеңесінің мүшелері қатысты.

Отырыста Кеңестің ұйымдастырушылық мәселелері қаралып, 2026 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды. Сондай-ақ Жастар кеңесінің алдағы кезеңдегі негізгі жұмыс бағыттары мен міндеттері айқындалды.
Жиын барысында Сәрсен Абайұлы Жастар кеңесі мемлекеттік органдар мен жастар арасындағы өзара байланысты нығайтатын тиімді диалог алаңы болуы керектігін атап өтті. Ол жастардың ұсыныстары мен бастамаларын қолдаудың, олардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына жағдай жасаудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар жастардың әлеуетін тиімді пайдалану, жаңа идеялары мен жобаларын жүзеге асыруға қолдау көрсету бағытында бірлескен жұмыстарды күшейту қажеттігін жеткізді.
Отырыс барысында Жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаева жастарды, оның ішінде NEET санатындағы жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады. Ал Жастар саясаты басқармасының басшысы Әкімжан Әбдәкімов Жастар кеңесінің 2026 жылға арналған жұмыс жоспары, алдағы міндеттері мен басым бағыттары туралы ақпарат берді.
Кездесу барысында Кеңес мүшелері жастар саясатын жетілдіру, жастардың өзекті мәселелерін шешу және олардың бастамаларын қолдау бағыттары бойынша пікір алмасты. Жиын қорытындысында Жастар кеңесінің алдағы жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылып, жастардың ұсыныстары мен бастамаларына басымдық берілетіні атап өтілді.
Бөлісу