​ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНАН БАТЫС ӨҢІРІНЕ 10 ТОННА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

0
319

Гуманитарлық көмек жинауға кәсіпкерлер, қала жастары (оқу орындары) мен қала тұрғындары өз үлестерін қосты.


​ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНАН БАТЫС ӨҢІРІНЕ 10 ТОННА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Бүгін су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге Шымкент қаласынан арнайы «Жастар ресурстық орталығының» ғимаратында жиналған 10 тонна зат тиеген жүк көліктері жолға шықты.

Штаб ашылғаннан бастап, қаланың бей-жай қарамайтын тұрғындары дәрі-дәрмек, азық-түлік, киім-кешек, тұрмыстық керек-жарақтарды жинау заттарына атсалысты.

Гуманитарлық көмек жинауға кәсіпкерлер, қала жастары (оқу орындары) мен қала тұрғындары өз үлестерін қосып, қажетті гуманитарлық заттар жинау жұмыстарына көмектесті.
Арнайы ашылған бекет жанынан құрылған 130-ға жуық еріктілер тобы күнделікті жиналған қажетті заттарды сұрыптап, арнайы қорапта жинақтап отырды.