Қазіргі таңда 2025 жылы оқуын аяқтаған және 2026 жылы тәмамдайтын түлектердің тізімдері жинақталып, алдағы уақытта олар үшін ірі кәсіпорындарда таныстыру кездесулері, жұмыс барысымен танысу шаралары және жастар орталығымен бірлескен бос жұмыс орындарының жәрмеңкелері ұйымдастырылмақ.
Шымкент қаласында әлеуметтік осал санаттағы азаматтарды жұмыспен қамту бағытында жүйелі жұмыстар жүзеге асырылуда.
Бұл туралы бүгін, Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы Құранбек мәлімдеді.
Қала әкімдігінің 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №6757 қаулысына сәйкес ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және білім беру ұйымдарының түлектері қатарындағы жастар үшін 5 жұмыс берушіде 8 жұмыс орнына квота белгіленіп, жоспарланған 8 адамның бүгінде 5-і тұрақты жұмыспен қамтылды. Қазіргі таңда 2025 жылы оқуын аяқтаған және 2026 жылы тәмамдайтын түлектердің тізімдері жинақталып, алдағы уақытта олар үшін ірі кәсіпорындарда таныстыру кездесулері, жұмыс барысымен танысу шаралары және жастар орталығымен бірлескен бос жұмыс орындарының жәрмеңкелері ұйымдастырылмақ.
Сонымен қатар, мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту бойынша 2026 жылға 985 адамды қамту жоспарланып, жыл басынан бері 156 азамат түрлі бағдарламаларға жолданды. Оның ішінде 61 адам тұрақты жұмысқа орналасса, 39 азамат «Бастау бизнес» жобасына қатысып, 2 адам «Күміс жас» бағдарламасына тартылған, 50 адам қоғамдық жұмыстарға, 4 жас маман жастар практикасына жолданған.
Бұдан бөлек, қала әкімінің 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №6756 қаулысына сәйкес мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамту үшін 34 мекемеде 165 жұмыс орнына квота белгіленіп, бүгінгі күнге дейін 11 мекемеде 18 азамат тұрақты жұмысқа орналасқан. Сондай-ақ, бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды жұмыспен қамту бойынша да нақты шаралар қолға алынған. Аталған қаулыға сәйкес 2026 жылға пробация есебінде тұрған азаматтар үшін 15 жұмыс берушіде 52 жұмыс орны, ал бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтар үшін 9 жұмыс берушіде 33 жұмыс орнына квота белгіленді. Бүгінде пробация қызметінің есебінде тұрған 15 адам және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған 1 азамат квота аясында тұрақты жұмыспен қамтылса, қосымша 7 азамат квотадан тыс жұмыс берушілерде еңбекке тартылды.


