Талдау нәтижелері көрсеткендей, бұл жұмыстар қала көшелерінде жасалған қылмыстың деңгейін шамамен 17% -ға төмендетуге мүмкіндік береді.
Иллюстрациялық сурет: forum-forum.ru
ERNUR.KZ. Шымкент қаласында жасанды интеллекті бар бірыңғай бейнебақылау жүйесін құру жоспарлануда, деп хабарлайды ERNUR.KZ Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қауіпсіз қала» жобасы аясында мегаполисте бақылау камераларының саны 479-ға дейін артып, интеллектуалды қиылыстар 21-ге дейін ұлғайтылған. Талдау нәтижелері көрсеткендей, бұл жұмыстар қала көшелерінде жасалған қылмыстың деңгейін шамамен 17% -ға төмендетуге мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда қалалық әкімдік тарапынан аталмыш саланың әлеуетті өкілдерімен нейрондық желілер мен жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, бірыңғай бейнебақылау жүйесін құру туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр.
Жаңа оқу жылының басында қаладағы криминогендік ахуалы өзекті болып табылатын 30 аумақты қамтыған «Сергек» бейнебақылау жүйесін енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылады.