Өрт сағат 16:45-те сөндірілді.
Шымкент қаласының Төле би көшесі бойында тұрмыстық техника сататын дүкен өртенді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шымкент қаласының ТЖД баспасөз қызметі таратқан алғашқы ақпаратқа сәйкес, бүгін сағат 15:24-те Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Төле би көшесі бойындағы дүкен мен қоймадан түтін шығуда деген хабарлама түскен. Күштер мен құралдар оқиға орнына, №2 шақырту бойынша жіберілген.
Төле би көшесі нөмірсіз мекенжайда орналасқан 2 қабатты тұрмыстық техника сату «Темірлан» дүкенінің көлемі 150 ш.м. шатыры және жапсарлана соғылған жалпы көлемі 650 ш.м. қойма толығымен жанды. Өрт сағат 16:45-те оқшауланды.
Оқиға орнына ТЖД 62 қызметкері мен 17 техника, АМО 3 қызметкері мен 1 техника) жұмылдырылды.