​ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ АТАЛЫП ӨТІП ЖАТЫР

0
215


​ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ АТАЛЫП ӨТІП ЖАТЫР

ERNUR.KZ. Наурыз мейрамы аясында Шымкент қаласында ұлттық құндылықтарды насихаттауға және бұқаралық спортты дамытуға бағытталған ауқымды мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара Шымкент қаласының Дене шынықтыруды дамыту және іс-шараларды өткізу дирекциясының бастамасымен жүзеге асырылды.


Мерекелік бағдарлама Атшабар аумағында өтіп, қала тұрғындарына ерекше мерекелік көңіл күй сыйлады. Шараны ұйымдастыруға Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты мекемелер белсенді түрде атсалысты.

Наурызнама онкүндігі мен 20 наурыз – Ұлттық спорт күніне орай ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өткізіліп, жеңімпаздар арнайы марапаттарға ие болды. Сонымен қатар, «Ең әдемі ұлттық киім» номинациясы бойынша үздіктер анықталды.

Іс-шара барысында тұрғындарға 100 килограмм палау мен 100 литр наурыз көже тегін ұсынылды. Бұдан бөлек, ұлттық нақышта безендірілген 5 киіз үй тігіліп, мерекенің мазмұнын айшықтай түсті.