Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қолдауымен  2024 жылғы  10-15 маусым аралығында Шымкент қаласында   өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша  ерлер мен әйелдер құрама командаларының арасында Қазақстан Республикасының кубогына VII турнир өтеді. 
 Турнирге еліміздің 300-ге жуық спортшылары қатысады. Жарыс төрт дисциплина бойынша өтеді: шабуыл сатысымен көтерілу, кедергілері бар 100 метрлік жолақтан өту, 4х100 м өрт эстафетасы және жауынгерлік қанат жаю. 
 Турнир  Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадионында және Темірлан тасжолы 18 мекенжайы бойынша орналасқан мамандандырылған жасақ аумағында өтеді.

 
                        

 
                         
                    









 
                     
                     
                     
                     
                    
