Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен ірі сауда орындарында («Рахима плаза», Shymkent City Mall) «Сәтті жарнама» акциясы өтті.
Акцияның мақсаты - «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 21-бабы талаптарының орындалуын қамтамасыз ету және көрнекі ақпарат пен жарнаманың мемлекеттік тілде дұрыс ресімделуін қадағалау.
Акцияның нәтиежесінде 112 коммерциялық нысан тексеріліп, 35 нысанға заң талаптарын түсіндіру жұмыстары жүргізілген.
Сонымен қатар, кәсіпкерлерге әдістемелік көмек ретінде брошюралар таратылды.
Аталған шараға бес аудан әкімдіктері мен Шымкент қаласында тіл заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелері қатысты.