Шымкент қаласының №2 ХҚО жаңа ғимаратқа көшті

0
1 077

Шымкентте 11 Халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді.


Шымкент қаласының №2  ХҚО жаңа ғимаратқа көшті

Шымкент қаласының Сайрам тұрғын алабының тұрғындары мемлекеттік қызмет түрлерін Қаратау ауданы, Ибраһим ата көш, 118/2 мекенжайынан ала алады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Азаматтарға арналған үкімет" КЕ АҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Данабек Исабековтың айтуынша, аталған ауданның халық саны 60 мыңнан астам адамды құрайды және ХҚО-ға келетін азаматтар жүктемесінің, сонымен қатар ағымының көбеюіне байланысты жаңа ғимаратқа көшу қажеттілігі туындады.

- Біз тұрақты түрде мемлекеттік қызметтердің көрсетілу реті бойынша талдау жасап, азаматтардың ыңғайлылығы үшін ХҚО аумағын кеңейту қажет деген қорытындыға келдік. Енді бұл проблема шешіледі деп ойлаймын және ХҚО-ның көшірілуі мемлекеттік қызметтерді барынша жедел көрсетуге және олардың сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Жаңа ХҚО-да 19 инспектор жұмыс істейді, ал дайын құжаттарды қабылдау және беру үшін 9 жұмыс орны бар. 400 м2 аймақта орналасқан ХҚО-да, сондай-ақ 100 көлікке арналған автотұрақ қарастырылған. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін пандус және шақыру батырмасы жұмыс істейді,- деді Д.Исабеков.
Қаратау аудандық №2 ХҚО мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде, яғни жалға алу шығынынсыз жұмыс істейді. Филиал коммуналдық қызметтердің ақысын ғана төлейтін болады.
Шымкентте барлығы 11 Халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді, оның ішінде 3 мамандандырылған ХҚО және көші-қон қызметін көрсету орталығы бар.

Ағымдағы жылдың басынан №2 ХҚО-да 25 мыңнан астам мемлекеттік қызмет түрі көрсетілген.
Анықтама:
ХҚО мекенжайы:
Қаратау ауданы, Ибраһим ата көш, 118/2.
Жұмыс кестесі: ДС-ЖМ, 9.00- ден 18.00-ге дейін үзіліссіз.