Марапат иелерін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов арнайы құттықтап, наградаларды табыс етті.
Шымкент қаласында ҚР Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған салтанатты шара өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Мерекелік жиында ҚР Президентінің Жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Шымкент қаласының 46 азаматы ҚР Мемлекеттік наградамен марапатталды.
Марапат иелерін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов арнайы құттықтап, наградаларды табыс етті.
«Құрмет» орденімен:
1. Амангелдиев Момбек – белгілі жазушы, шежіреші, тарихшы, Шымкент қаласының тарихын жазған. Сондай-ақ, қазақ тайпаларының шығу тегі жайында жазылған көптеген кітаптың авторы;
2. Әбдіқадырова Зура Көлібайқызы – еңбек ардагері, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 5 баланы тәрбиелеп отырған қамқоршы ана;
3. Жүзенова Гүлия Бексұлтанқызы – «Экофарм Интернейшнл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, 250-ден аса қала тұрғынын жұмыспен қамтамасыз етіп отырған кәсіпкер;
4. Рысбеков Серғали Ешімханұлы – «Ауғанстан соғысы мүгедектері мен ардагерлері одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, болашақ ұрпақты, жастарды әскери тәрбиеге баулып жүрген белгілі азамат.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Құрмет» грамотасымен:
1. Есенқарақызы Ханбибі – «Парасат» орденінің, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, елімізге белгілі ақын, жазушы, ел аузында жүрген көптеген кітаптың және халық сүйіп тыңдайтын көптеген әннің авторы;
2. Қонысбек Байдулла – еңбек ардагері, оңтүстік өңірі журналистикасы мен публицистикасының дамуына, облыстық телерадио комитетінің орнығуына үлес қосқан ардагер журналист. Республикалық «Қазақстан» телерадиокорпорациясының филиалы «Қазақстан-Шымкент» телеарнасының iргетасын қалап, оның өсуі мен өркендеуіне зор үлес қосқан;
3. Торопов Вадим Александрович – «Шымкент қалалық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, қаланың қоғамдық өміріне және әлеуметтік саласының дамуына үлес қосып жүрген азамат.
ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен:
1. Минчук Василий Иванович – Жедел медициналық жәрдем көрсету станциясының жүргізушісі, пандемия кезеңінде көптеген азаматтың өмірін сақтауға үлкен үлес қосқан медицина саласының қызметкері;
2. Арысбаев Бейбіт Қонұсбайұлы – «Қазақстан темір жолы – Жүк Тасымалы» акционерлік қоғамының машинисі. Темір жол қызметі саласында 40 жылға жуық қызмет етіп, осы саланың дамуына ерекше үлес қосып жүрген тәжірибелі маман;
3. Әліходжаев Серік Әшірходжаұлы – №2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының бақылаушы санитары, психикалық дертпен ауыратын азаматтарға қамқорлық көрсетіп жүрген азамат.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен:
1. Парманов Бұхарбай Рысқұлұлы – Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі, мемлекеттік қызмет саласының дамуына және қаланың қоғамдық-саяси өміріне қажырлы үлес қосып келе жатқан азамат;
2. Ахметбаев Ғани Молдабекұлы – Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, қаланың әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне және еліміздің ұлттық спортының дамуына қажырлы үлес қосып жүрген азамат;
3. Мырзатаева Райхан Мұхитқызы – еңбек ардагері, білім беру саласының ардагері, жас ұрпақты тәрбиелеуге үлкен үлесін қосқан ардагер ұстаз;
4. Дробот Валерий Васильевич – «Аэропорт Шымкент» акционерлік қоғамының жетекші инженері, осы салада 23 жылдан астам қызмет атқарып жүрген тәжірибелі маман;
5. Үсенова Гүлнара Кәрімқызы – «Асыл бала» республикалық Ассоциациясы» қоғамдық ұйымының төрайымы, «Алиар» халықаралық академиясының оқушылары «Юсмас» ментальді арифметика бойынша өткен әлемдегі 87 ел арасындағы онлайн чемпионатта алтын медаль иеленген;
6. Көшенов Бахыт Қыдырбекұлы – «Оңтүстік» футбол Академиясы-Клубының директоры, қаламызда жастар арасындағы футболдан қосып келе жатқан ардагер жаттықтырушы;
7. Қансейтова Служан Үсіпәліқызы – Б.Момышұлы атындағы №120 жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі, жас ұрпақты тәрбиелеу мен білім саласының дамуына ұзақ жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан ардагер ұстаз;
8. Майханов Ғалымжан Тастанұлы – Шымкент қаласы «Қазақстан Республикасы Ауғанстан және жергілікті соғыс ардагерлер одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, болашақ ұрпақты, жастарды әскери тәрбиеге баулып жүрген белгілі азамат;
9. Исаева Гүлнара Есіркепқызы – №3 Шымкент балалар үйінің логопеді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың қоғамда дамуына үлес қосып келе жатқан тәрбиеші;
10. Мәліков Әли Әбіләзизұлы – «Оңтүстік» телеарнасының аға телеоператоры қызметінде 22 жыл бойы үздіксіз еңбек етіп келе жатқан азамат;
11. Құрбанова Гүлжан Маратқызы – «ЛТД Тұрмыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қала көшелерінің тазалығына жауапты қызметкер;
12. Морозова Ольга Юрьевна – Мұхамед Хайдар Дулати атындағы үш тілде оқытатын №8 мамандандырылған гимназиясының мұғалімі, «Шебер ұстаз» номинациясының иегері, жас ұрпақты тәрбиелеу мен білім саласының дамуына үлес қосып жүрген ардақты ұстаз;
13. Сәрсембаев Мақсат Құрманғазыұлы – «Шапағат» мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған оңалту орталығының еңбек терапиясы жөніндегі инспекторы, жүзуден Қазақстан чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері, 2019 жылы өткен Қазақстан Республикасының параолимпиада ойындарының чемпионы. Шымкент қаласындағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жаттығу залын ашқан еңбекқор азамат;
14. Меңліқараев Тоймұрат Сыбайұлы – халық игілігіне берілген заманауи нысандардың іргетасын қалап, ұзақ жылдар бойы құрылыс саласының дамуына үлес қосып келе жатқан азамат.
«Шапағат» медалімен:
1. Пахомова Татьяна Юрьевна – Қалалық кардиологиялық орталығының бөлім меңгерушісі, қала халқының денсаулығын қорғау ісіне және медицина саласының дамуына ұзақ жылдар бойы еңбек сіңіріп жүрген азаматша;
2. Дулаев Бахтияр Мушурович – «Қызыл ай» қоғамы Шымкент қалалық филиалының волонтеры, пандемия таралу кезеңінде 500-ге жуық мұқтаж отбасыға азық-түлік пен медициналық жабдықтарды таратуға үлесін қосқан;
3. Ахметова Светлана Ізтілеуқызы – «Мукополисахаридоз» ауру түрімен ауыратын балалардың қамқоршысы, аталған ауру түрімен ауыратын балаларға «Наглазим» дәрісін Қазақстанға алғаш рет енгізіп, аталған ауру түрімен ауырған балаларға тегін таралуына үлес қосқан;
4. Қарсыбаева Тілләкүл Тасболатқызы – жеке кәсіпкер, «Күміс алқа» иегері, қазақтың ою-өрнегін дәріптеп, ұлттық бренд қалыптастыруда еңбек етіп келе жатқан кәсіпкер;
5. Айдосов Байдалихан Тоқмахамбетұлы – «Көгершін» Протездеу-ортопедиялық орталығының төрағасы, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қамқорлық жасап, көмек көрсетіп жүрген ардақты азамат;
6. Сейдалина Жібек Маратқызы – №5 қалалық емхананың бас дәрігері, қала халқының денсаулығын қорғау ісіне және медицина саласының дамуына ұзақ жылдар бойы еңбек сіңіріп жүрген азаматша.
Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен:
1. Хыдырова Зағипа Ақжолқызы – «Гаухар» тігін фабрикасының тігіншісі, қаламызға «Гауһар» тігін фабрикасы қызметкерлері қала тұрғындарына пандемия кезеңінде медициналық бетперде шығарып тұрған;
2. Казаханов Беиржан Батырұлы – «Шымкент қалалық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі төрағасының көмекшісі, Біріккен Ұлттар Ұйымы мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясы шеңберінде мүгедектерге қолжетімді орта жобасын жүзеге асыруға белсенді қатысқан азамат.