«Жол-көлік колледжі» МКҚК-де бүгінде 8 мамандық бойынша кадрлар даярланады.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Жол-көлік колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бүгінгі жағдайымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шаһар басшысы «Жас маман» жобасы бойынша алынған жабдықтар орналасқан оқу кабинеттерін, зертханаларын және шеберханаларын аралап көрді.
«Жол-көлік колледжі» МКҚК-де бүгінде 8 мамандық бойынша кадрлар даярланады. Бүгінде шәкірттер саны – 1646. Оқытушылар саны – 125. Дуальды оқыту бойынша 6 мамандықпен 175 оқушы қамтылған. Бұл мақсатта 13 кәсіпорынмен келісімшарттар жасалған.
Қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиеваның айтуынша, Шымкент қаласындағы 31 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымында 27 046 студент білім алуда. Мемлекеттік тапсырыспен 11 412 студент, дуалды оқытумен 1 150 студент қамтылған.
Мұрат Дүйсенбекұлы қаладағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшыларымен кездесіп, саладағы өзекті мәселелерді талқылады.
Сондай-ақ, оқу орнында қала әкімі М.Әйтенов, қала әкімінің бірінші орынбасары Ш.Мұқан, қалалық білім басқармасының басшысы Ж.Тәжиева қаладағы белсенді жастармен кездесті. Кездесуде қала жастары өздерін қызықтырған сауалдарына жауап алды.