Ғалымжан Әмірбекұлы бүгінгі күнге дейін қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет атқарған.
Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Ғалымжан Әмірбекұлы Утенбаев қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы болып тағайындалды.
1984 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Мамандығы – құрылысшы, экономист. Қызмет жолы 2006 жылы Шымкент қаласындағы «Батсу-Строй» ЖШС-ның инженері болудан басталған. 2007-2008 жылдары «Оңтүстік жолдары» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас маманы, 2008-2011 жылдары ОҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы автомобиль жолдарының құрылысы және жөндеу, пайдалану бөлімінің бас маманы болған. 2011-2012 жылдары ОҚО Сәулет құрылыс бақылау басқармасы лицензиялау бөлімінің басшысы, кейіннен ОҚО құрылыс басқармасында бөлім басшысы болып қызмет атқарған.
Түрлі жылдар аралығында «Строй Юг-групп» ЖШС және «Шымкентгаз-ДС» ЖШС директорының орынбасары, кейіннен аталған мекеменің директоры болып жұмыс жасаған.
2017-2018 жылдары Шымкент қаласының құрылыс бөлімі, әлеуметтік құрылыс секторы меңгерушінің м.а, 2018-2020 жылдары Шымкент қаласының құрылыс басқармасы басшысының орынбасары болған.
2020 жылдан бүгінгі күнге дейін қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет атқарған.
2015 жылы «Батыр Шапағаты» медалі мемлекеттік наградасымен, 2019 жылы «Құрметті құрылысшы» төсбелгісімен марапатталған.