Елді мекенде электр желісінің құрылыс-монтаждау жұмыстары 2020 жылы қараша айында басталған болатын.
Шымкент қаласындағы Қарабастау тұрғын алабының Жаңақұрылыс аймағы сапалы электрмен қамтылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Еңбекші ауданы әкімдігі мәлімдеді.
Елді мекенде электр желісінің құрылыс-монтаждау жұмыстары 2020 жылы қараша айында басталған болатын.
Мердігер мекеме «Ынтымақ Бес-Арыс» ЖШС-і тұрғын алапта қуаттылығы 900-ге жуық абонентке арналған 19 шақырым электр желісін жүргізді.
Нысан жуырда пайдалануға берілді. Бүгінде «Оңтүстік Жарық Транзит» тарапынан есеп-шот ашу жұмысын аяқтап, тұрғындар сапалы электр жарығына қол жеткізіп отыр.