«Батырхан» тойханасында мерекелік жиын өтіп жатқаны анықталды.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері кәсіпкерлік нысандарда карантин режимінің сақталуын бақылау мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Рейд барысында 11 қаңтар күні Абай ауданы Гагарина көшесінің бойында орналасқан «Батырхан» тойханасы адамдар жиналып, мерекелік жиын өткізіп жатқаны анықталды.
Тойхана иесіне мен кеш өткізген тұлғаға қатысты Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысын сақтамағаны үшін ҚР ӘҚБтК 425 бабымен заңды шара қолдану үшін Абай ауданының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына іс-құжаттар жинақталып, жолданды.