Жоспарға сәйкес, бұл жұмыстар қаладағы басқа көшелер мен шағынаудандарда да жалғасады.
Шымкент қаласында жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жол белгілері жүйелі түрде жаңартылуда.
Мұндағы мақсат – жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол қозғалысы мәдениетін арттыру.
Осыған байланысты қала көшелерінде жаяу жүргіншілер өткелдерінің белгілері қайта сызылуда. Бұл жұмыс көлік қозғалысына кедергі келтірмеу үшін түнгі уақытта басталып, таңға дейін жүргізіледі.
Қазіргі уақытта жаяу жүргіншілер өткелдері жаңартылған көшелер мен жол қиылыстары:
* Байтұрсынов–Рысқұлов көшелерінің оң жақ өткелі;
* Байтұрсынов көшесі;
* Жангелдин–Қалдаяқов көшелерінің қиылысы;
* Тәуке хан – Байтұрсынов көшелерінің қиылысы;
* Асқаров көшесі;
* Рысқұлов көшесі, «Мәди» аялдамасының тұсы;
* Асқаров көшесі.
Сонымен қатар, елдімекендердің ішкі орам көшелерінде жол қозғалысын реттеу және қауіпсіздікті арттыру мақсатында басымдық беру жол белгілері орнатылып жатыр. Бұл жұмыс көлік қозғалысын реттеуге, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және тұрғындарға қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.
Бұдан бөлек, жолдардағы шұңқырларды жамау қолға алынған. Қазіргі таңда Қайтпас және Таскен шағынаудандарында бүлінген жол учаскелері анықталып, қалпына келтірілуде.
Жоспарға сәйкес, бұл жұмыстар қаладағы басқа көшелер мен шағынаудандарда да жалғасады.


