Зейнет жасындағы азаматтар шипажай-курорттық ем алу және сауықтыру орындарына жолдама рәсімдеу мәселелерін қозғады.
Шымкент қаласында «AMANAT» партиясы филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында кезекті азаматтарды қабылдау өтті.
Қабылдауды Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Утебаева жүргізіп, тұрғындардың әлеуметтік және еңбек мәселелеріне қатысты өтініштерін қарады.
Қабылдау барысында азаматтар тарапынан жұмыспен қамту, тұрақты жұмысқа орналасу, қайта даярлау курстарына қатысу, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде еңбек ету мүмкіндіктері жөнінде сұрақтар көтерілді. Сонымен қатар, атаулы әлеуметтік көмек алу тәртібі, құжаттарды рәсімдеу, табыс деңгейін есептеу және көмектің тағайындалу шарттары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Зейнет жасындағы азаматтар шипажай-курорттық ем алу және сауықтыру орындарына жолдама рәсімдеу мәселелерін қозғады.
Қабылдау қорытындысы бойынша бірқатар өтініштер тиісті мекемелерге жолданып, заң аясында қолдау көрсету шаралары қарастырылды.
Айта кету керек, мұндай қоғамдық қабылдаулар тұрғындар мен мемлекеттік органдар арасындағы кері байланысты нығайтып, өзекті мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік береді.


