Шымкент қаласының басшысы Ғабит Сыздықбеков әріптестерімен бірге тұрғындар арасында “Зеленая балка” (Көксай) атауымен танымал елдімекенді жаңғырту тұжырымдамасын талқылады.
Бұл шағынаудан тарихы 1915 жылы, қалада теміржол салу жұмыстары басталып, алғашқы қоныстанушылар көшіп келген кезеңнен бастау алады. Тұрғындар бұл аймақты «Нахаловка» деп атап кеткен, себебі мұнда азаматтар жер телімдерін өз бетінше иемденіп, үйлердің басым бөлігін заңсыз салған. Кездесу барысында жергілікті тұрғындар әлеуметтік желіде және қаланы аралау барысында мұндағы күрделі криминогендік ахуал мәселесін көтерді.
Жалпы, даму тұжырымдамасы жинақталған мәселелерді кезең-кезеңімен шешуді көздейді. Бұл елдімекенде аудан әкімдігі ғимаратын, дене шынықтыру-сауықтыру кешенін, әлеуметтік нысандар, көпқабатты тұрғын үйлер және саябақтар салу, қолданыстағы мектепті кеңейту және көпфункционалды сауда-логистикалық орталығын құру жоспарланып отыр.
Қолға алғалы отырған шаралар қаланың сыртқы келбетін өзгертуге және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.Сондай-ақ, мұндай жұмыстарды алдағы уақытта Қошқар-ата өзені бойында да жүргізу жоспарлануда.