«Жастар арасында ұлтаралық татулық» пен «Кереғар діни ағымдардың алдын алу» тақырыптарында сөз қозғалды.
ERNUR.KZ. Шымкент қаласында Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен колледж студенттері арасын дін тақырыбында кездесулер өтті.
Діни тақырыптар арасында Достық колледжі және Орта Азия медициналық колледжінің студенттері мен дін өкілдері пікір алмасып, түсіндірме дұмыстары жүргізілді.
Кездесуге Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің Ақпараттық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру бөлімінің теолог маманы Жұмаділлә Бексұлтан және Шымкент қаласының «Қоғамдық келісім» КММ-нің эксперт маманы Омарбаев Бектұрсын Ақбердіұлы қатысты.
Кездесу соңында студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берілді.
Сонымен қатар, теріс діни ағымдарыдан сақтану бойынша кездесу өткізілді. Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен кездесуде Түркістан жоғарғы аграрлық колледжінің студенттеріне аталған тақырып аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесуге Шымкент қаласы Жанқожа мешітінің наиб имамы Абдикаликов Асылбек , Шымкент қаласының «Қоғамдық келісім» КММ-нің бөлім басшысы Әбдікәрім Нұржан қатысып, жастарға өзекті мәселенің түйінін тарқата айтып берді.
Сондай-ақ, кездесу соңында студенттер өздерінің сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауап алды.