Әрбір азамат өзінің ЖСН, әлеуметтік мәртебесін және жеке шоттарын енгізе отырып, өтінім бере алады.
иллюстрациялық фото
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес коммуналдық қызметтер үшін төленетін 15 мың теңге төлемге Шымкент қаласы бойынша 30 279 азаматтан өтінім келіп түскен, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Шымкент қалалық тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы мәлімдеді.
"Аталған көмекті алу үшін азаматтардан өтінімдерді қабылдау мақсатында communal-komek.kz сайты іске қосылған. Онда әрбір азамат өзінің ЖСН, әлеуметтік мәртебесін және жеке шоттарын енгізе отырып, өтінім бере алады. Жалпы 21 сәуірден бастап бүгінгі таңға дейін 30 279 азаматтан өтінім келіп түсті. Оның ішінде басым бөлігі жеке шоттары сәйкестігі деректер арқылы тексеріліп, оң шешімін тапты. Ал, қалған азаматтың жеке шоттары анықталмай, қазір тексерілу үстінде", - деді Шымкент қалалық тұрғын үй және тұрғын үй инспекцияның жауапты мамандары.
Әлеуметтік көмек бойынша азаматтарға кеңес беру мақсатында Шымкентте Call-орталық ашылған. Орталық таңғы 09:00 мен 18:00-ге дейін үзіліссіз жұмыс істейді. Оған күні бүгінге дейін 27 465 қоңырау түскен.
Ақпараттық жүйелер арқылы өтінім беру мүмкіндігі болмаған жағдайда, call-орталыққа 39 23 68 нөмірі бойынша хабарласуға болады.