ШЫМКЕНТ: Құрбандық шалатын орындар белгіленді

0
993

Қалада бекітілген мал сою орындарында сағат 08:00-ден бастап құрбандық шалу дәстүрі жүзеге асырылады


ШЫМКЕНТ: Құрбандық шалатын орындар белгіленді

Шымкенттегі барлық мешітте 28 маусым күні таңғы сағат 6:30-да «Айт намазы» оқылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мереке күні қалада бекітілген мал сою орындарында сағат 08:00-ден бастап құрбандық шалу дәстүрі жүзеге асырылады. Осыған орай, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясы адам мен жануарларға ортақ, аса жұқпалы ауруларының таралуын болдырмау, қорғау мақсатында тиісті тәртіпке назар аударуды талап етеді.

Құрбандыққа шалатын малдың бірдейленуі, яғни құлақ жапсырмаларының болуы, АШЖБ тіркеуде болуы тиіс. Құрбандық малының №1 нысанды ветеринариялық анықтамасы міндеттеліп, тек бекітілген орындарда сойылуы қажет. Сонымен қатар, алынған етті балалар үйіне, балабақшаға, ауруханаға, мешіттерге өткізген жағдайда №2 нысанды ветеринариялық анықтамасының болуы және тасымалдау барысында арнайы температуралық режимі сақталған көлікпен тасымалдануы тиіс.

Қала аумағында мал союға арналған 3 орын бекітілді. Олар:
1. «Замин» мал сою бекеті. Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Сайрам тұрғын алабына қарасты А-Темур көшесі н/з. Байланыс телефоны: 8775 930 64 44
2. «Халал Қассаб» мал сою бекеті. Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Бозарық- 3 тұрғын алабы №1989 учаске. Байланыс телефоны: 8701 392 83 09
3. «Байтерек Агро» мал сою бекеті. Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Сайрам тұрғын алабы, Махмут ата көшесі №72 учаске. Байланыс телефоны: 8778 122 31 11
Сондай-ақ, онлайн режимде құрбан шалуға болады. Қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған qurban2023.kz сайты жұмыс істейді.