​ШЫМКЕНТ: ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ КҮНІ АВТОБУСТАР ТЕГІН ҚАТЫНАЙДЫ

0
74

Қоғамдық көліктің тегін қатынауы, ең алдымен, тұрғындардың сайлау учаскелеріне ыңғайлы жетуіне мүмкіндік береді.


​ШЫМКЕНТ: ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ КҮНІ АВТОБУСТАР ТЕГІН ҚАТЫНАЙДЫ

23 тамыз – Құрылтай сайлауы өтетін күні Шымкент қаласындағы автобус бағыттарында жол жүру тегін болады.

Бұл шешім сайлау күні қала тұрғындары мен қонақтарына қолайлы жағдай жасап, қоғамдық көлікті еркін әрі ыңғайлы пайдалануға мүмкіндік беру мақсатында қабылданды.
Сайлау күні қаладағы барлық автобус бағытында тәулік бойы жол жүру ақысы алынбайды.
Айта кетейік, сайлау күні азаматтардың дауыс беруі үшін Шымкент қаласында 365 сайлау учаскесі жұмыс істейді.
Қоғамдық көліктің тегін қатынауы, ең алдымен, тұрғындардың сайлау учаскелеріне ыңғайлы жетуіне мүмкіндік береді.
Бөлісу