ШЫМКЕНТ: М.Әуезов атындағы университетте Серікжан Сейітжанов атындағы мәжіліс залы ашылды

0
94


ШЫМКЕНТ: М.Әуезов атындағы университетте Серікжан Сейітжанов атындағы мәжіліс залы ашылды

Бүгін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, университеттің Құрметті профессоры Сейітжанов Серікжан Сейітжанұлының аты берілген жаңа мәжіліс залдың ашылу салтанаты өтті.

Салтанатты іс-шараға құрметті қонақтар – мемлекет және қоғам қайраткері, т.ғ.д., профессор, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының президенті Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы; ҚР Білім беру ісінің үздігі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор Есімов Беген Омарұлы; т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сүлейменов Жүсіп Тәшірбайұлы; т.ғ.д., профессор, ҚР Білім беру ісінің үздігі, «Құрмет» орденінің иегері Сейітжанов Керімжан Сейітжанұлы және университеттің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Иманғалиев Ернар Иманғалиұлы қатысты.
Сонымен қатар, елімізге белгілі ғалымдар, университеттің профессор-оқытушылар құрамы, сондай-ақ Серікжан Сейітжанұлының отбасы мен туған-туыстары да шараның қадірлі қонақтары болды.
Іс-шараға жиналған қауым алдымен академик Сұлтан Сүлейменовтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Одан кейін жаңа мәжіліс залдың лентасы қиылып, қатысушылар Серікжан Сейітжанұлының білім, ғылым және өндіріс салаларындағы жетістіктері туралы деректі фильмді тамашалады.
Алғаш сөз алған академик Бақытжан Жұмағұлов жиналған қауымды ғылым айымен және үлкен дәрісхананың ашылуымен құттықтап, отандық ғылым мен білімнің дамуына зор үлес қосып жүрген Серікжан Сейітжановтың еңбегін ерекше атап өтті.
Бөлісу