112 анаға «Алтын алқа», 150-ден астам анаға «Күміс алқа» табысталды.
Шымкенттің көп балалалы аналары мемлекеттік наградаларға ие болды. Мемлекет басшысының 2026 жылғы 2 наурыздағы Жарлығына сәйкес аналарды марапаттау рәсімі өтті.
Қуанышты жағдайға орай мегаполистегі аудан әкімдіктерінде салтанатты жиындар ұйымдастырылып, жалпы 112 анаға «Алтын алқа», 150-ден астам анаға «Күміс алқа» табысталды.
Салтанатты рәсім барысында аналарға құрмет көрсетіліп, олардың ұрпақ тәрбиесіндегі қажырлы еңбегі ерекше атап өтілді. Сонымен қатар, мемлекет тарапынан ана мен балаға көрсетілетін қолдау алдағы уақытта да жалғасатыны жеткізілді.
Айта кетейік, мемлекеттік марапаттар туралы мәліметті аудан әкімдіктерінен анықтап, тиісті құжаттарды тапсыруға болады.


