ШЫМКЕНТ: мемлекеттің архив ұжымы марапатталды

0
102


ШЫМКЕНТ: мемлекеттің архив ұжымы марапатталды

Шымкент қалалық мемлекеттік архив ұжымы 22 желтоқсан – Архившілер күнін атап өтті.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы Құранбек осы мерекеге орай архив қызметкерлерін құттықтап, архив ісінің ел үшін қаншалықты маңызды екенін ерекше атап өтті.

- Архив ісі-тек құжаттарды сақтау емес, бұл елдің жады мен рухани қазынасын болашаққа аманаттау. Архив арқылы ұлттың өткені мен болашағы тоғысып, тарихымыздың құндылығы сақталып отырғандығын, тарихтың тынысын сақтап, ұрпаққа жеткізетін алтын көпір – архив қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтай отырып, еңбектеріне жеміс, жұмыстарына табыс тілеймін, -деді Сәрсен Абайұлы.
Шымкент қалалық мемлекеттік архивінің директоры Айпар Амангельдиева да өз құттықтауын білдіріп, архив қызметкерлерінің қажырлы еңбегіне алғыс айтты.
Сонымен қатар, мереке аясында архив қызметкерлері марапатталды. Камиля Байтулешова «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен, ал Халима Кумекбаева, Айнұр Абдрасилова және Г. Тұрысбек «Архив ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Бөлісу