Ұлыстың ұлы күні мерелерік демалыс күндері шымкенттік төтеншеліктерге 17 өрт шығу хабарламасы келіп түскен. Десе де, оның барлығы да болмашы жағдайлар екен.
Фото: Ғаламтордағы ашық дереккөзден
Наурыздағы мерекелік демалыс күндері Шымкентте 17 өрт шығу фактісі тіркелген - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
2019 жылғы 22 наурызда сағат 11.26 шұғыл кезекшілердің басқару пультіне хабарлама келіп түскен. Хабарламада Шымкент қаласы, Қонаев көшесі н/ү, «Royal» фитнес клубқа қарсы бетінде «Опель вектра» жеңіл автокөлігінің бампер бөлігі жанды. АЦ жеткенше өрт сөндірілген.
2019 жылғы 23 наурызда сағат 14.22 шұғыл кезекшілердің басқару пультіне хабарлама келіп түскен. Хабарламада Шымкент қаласы, Сайрам шағын ауданындағы үйдің жанында жалпы көлемі 12,5 ш.м. темір гараждың ішінде көлемі 11 ш.м. ескі үй заттары және қосарлана соғылған гараждың көлемі 1,5 ш.м. шатыры жанды. Өрт сағат 14.44-те оқшауланып, сағат 14.51-де толық сөндірілген. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
2019 жылғы 24 наурызда сағат 13.45 шұғыл кезекшілердің басқару пультіне хабарлама келіп түскен. Хабарламада Шымкент қаласы, Рысқұлов көшесі бойында «Daewoo Lacetti» автокөлігінің мотор бөлігі жанды. АЦ жеткенше өрт сөндірілген. Сол күні 16.48 минутта шұғыл кезекшілердің басқару пультіне ұялы телефон арқылы хабарлама келіп түсті. Хабарламада Шымкент қаласы, Айтжанов көшесіндегі үйдің ауласында орналасқан сарайдың шатыры астында 3 дана сығымдалған шөп жанды. АЦ жеткенше өрт сөндірілген. Сонымен қатар, Наурыз мерекесі кезінде 31 рет кезекшілікке шықты.
"Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары! Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт қауіпсіздігінің барлық талаптарын сақтауға: электр сымдарын шамадан тыс салмауға, ақаулы электр құралдарын пайдаланбауға, автомобильдерді пайдалану кезінде мұқият болуға, үй-жайда шылым шекпеуге өтініш білдіреді. Оқиға орын алған жағдайда өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың «101» бірыңғай телефоны немесе «112» шұғыл жедел қызметтерін шақырудың бірыңғай нөмірі бойынша қоңырау шалыңыз"- деп ескертеді Шымкент қалалық ТЖД баспасөз қызметі.