ШЫМКЕНТ: Мирас шағын ауданы биыл кәріз жүйесімен қамтылады

0
810

Өткен жылы кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстары басталған.


ШЫМКЕНТ: Мирас шағын ауданы биыл кәріз жүйесімен қамтылады

Биыл Шымкент қаласы Мирас шағын ауданы биыл кәріз жүйесімен қамтылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қаратау ауданына қарасты Мирас шағын ауданының аумағы 330 гектарды құрайды. Мыңға жуық отбасы қоныстанған шағын ауданда 4410 адам тұрады.
Мұнда 35 көше болса, 2020 жылы атауы жоқ 14 көшеге атау берілген. Биылғы жылы атауы жоқ 9 көшеге атау беру және атауы қайталанатын 1 көшенің атын ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
«Мирас» шағынауданындағы тұрғын үйлер мемлекеттік электр жарығымен 100% қамтылған.
Ондағы мыңға жуық отбасыға сапалы ауыз су толық берілген.
Шағын аудандағы барлық тұрғын көгілдір отынға қосылған.
Өткен жылы кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстары басталған. Құрылыс жұмыстары биылда жалғасын тауып, жыл соңында аяқталады. Осылайша кәрізбен қамту дәрежесі 100% болады деп күтілуде.
2021 жылы Кеме қалған мен Қарабура көшелеріне жарықтандыру бағаналары орнатылған болса, биыл Мирас пен Жібек жолы көшелері жарықтандырылатын болады.
Шағын аудандағы 7,8 шақырым жол, яғни 23 көше асфальтталған, ал 12 көшеге шағал тас төселген. Кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстары толық ақталғаннан кейін қазылған көшелерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.