Тұрғын үйлер Тұран шағын ауданында орналасқан.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынған «2-10-20»,«5-10-20» мемлекеттік бағдарламалары аясында тұрғын үй кезегіндегі 115 отбасы несиелік пәтерге қоныстанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Жаңа пәтер иелерінің арасында көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар, ерекше бала тәрбиелеп отырған отбасылар, 1,2 топтағы мүгедектігі бар азаматтар, мемлекеттік және бюджеттік ұйым қызметкерлері, халықтың әлеуметтік әлсіз тобы санатындағы азаматтар бар.
Аталған тұрғын үйлер Тұран шағын ауданында орналасқан.
Айта кету керек, Шымкентте жыл басынан бері тұрғын үй кезегінде тіркелген жалпы саны 617 азамат ипотекалық негізде Отбасы банк арқылы мемлекеттік бағдарлама аясында баспанаға қол жеткізген. Оның ішінде: 2-10-20 бағдарламасымен 199 пәтер, 5-10-20 бағдарламасы бойынша 307 пәтер, 5-20-25 бағдарламасымен 111 пәтер Отбасы банк арқылы несиелік негізде мемлекеттік бағдарлама аясында рәсімделген.