ШЫМКЕНТ: «Nur Otan» партиясының жаңа құрамы мен Төрағалары бекітілді

0
1 302

Қалалық филиал жанынан 10 қоғамдық кеңес жұмыс істейтін болды.


ШЫМКЕНТ: «Nur Otan» партиясының жаңа құрамы мен Төрағалары бекітілді

Бүгін «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Мұрат Әйтеновтың төрағалығымен қалалық партия филиалының Саяси кеңесі Бюросы отырысы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған жиында қалалық партия филиалының Саяси кеңесінің Бюросында Қоғамдық кеңестердің жаңа құрамы мен Төрағалары бекітілді. Яғни, қалалық филиал жанынан 10 қоғамдық кеңес жұмыс істейтін болды. Әрбір кеңеске төраға бекітілді және оларға партияның сайлауалды бағдарламасының нақты бір бағыты жүктелген.

Саяси кеңес бюросының шешіміне сәйкес, Nur Otan партиясының Шымкент қалалық филиалының жанынан «Ұлт денсаулығы мәселелері жөнінде» Қоғамдық Кеңес құрылды. Партия филиалының Төрағасы, қала әкімі Мұрат Әйтеновтың тікелей сенімі мен Партияның Саяси кеңес бюросының шешімімен аталған Қоғамдық кеңестің Төрағасы болып Есенбек Серкебаев cайланды.

«Nur Otan» партиясының Лидері, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын жүзеге асырылуына әрбір кеңес мүшелері жауапкершілікпен қарайтын болады.