Қайнарбұлақ елдімекенінде І, ІІ кезең құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
ERNUR.KZ. Шымкентте Нұршуақ елдімекенінде табиғи газға қосу жұмыстарының 2-кезеңі аяқталды. Нәтижесінде 110,597 шақырымды құрайтын газ құбыры жүргізіліп, 3 500-ден астам абонент көгілдір отынға қосылды.
Сонымен қатар, Қайнарбұлақ елдімекенінде І, ІІ кезең құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын келесі жылы толық аяқтап, 14 403 абонентті табиғи газбен қамту жоспарланып отыр.