Б.Майлин көшесінде орналасқан өнер мектебінің ескі ғимараты орнына жаңасын құру жұмысы өткен жылдың шілде айында басталған болатын.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов №2 балалар шығармашылық орталығы орнына салынып жатқан жаңа ғимараттың құрылысымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Б.Майлин көшесінде орналасқан өнер мектебінің ескі ғимараты орнына жаңасын құру жұмысы өткен жылдың шілде айында басталған болатын. Құрылысты жүргізіп отырған «Құрылыс-Т.А.» мердігер мекемесі.
Оқу ғимараты 150 оқушыға шақталған. Онда жеке және топтық оқу бөлмелері мен 215 орынды концерт залы, кітапхана, 123 шаршы метрлі фойе көрме залы және 12 орындық тамақтану орны қаралған.
Нысанды пайдалануға беру 2022 жылдың қараша айына жоспарланып отыр. Жаңа оқу корпусы іске қосылған соң өнер орталығында 45 адамға жаңа жұмыс орны ашылады.
Құрылыс барысын көрген қала әкімі мердігерге ғимаратты өз уақытында пайдалануға беруді және балалардың қауіпсіздігі үшін жұмыс сапасына мән беруді тапсырды.