Госпитальдық фармация – заманауи денсаулық сақтау жүйесінің маңызды бағыттарының бірі.
Шымкент қаласындағы Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығында медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру және дәрілік заттарды тиімді әрі қауіпсіз қолдануды қамтамасыз ету бағытында госпитальдық фармация бөлімі ашылып, өз жұмысын бастады.
Госпитальдық фармация – заманауи денсаулық сақтау жүйесінің маңызды бағыттарының бірі. Оның негізгі мақсаты – пациенттерді қажетті дәрілік заттармен сапалы қамтамасыз ету, препараттардың дұрыс сақталуын, есепке алынуын және тиімді қолданылуын ұйымдастыру.
Жаңа бөлімнің ашылуы медициналық ұйымдағы дәрілік заттармен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіруге, дәрілік препараттарды қолдану қауіпсіздігін арттыруға және емдеу процесінің тиімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бөлім мамандары дәрілік заттардың қозғалысын бақылау, оларды сақтау талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ медицина қызметкерлеріне препараттарды дұрыс әрі қауіпсіз қолдану бойынша ақпараттық-әдістемелік қолдау көрсету сияқты маңызды жұмыстарды атқарады.
Госпитальдық фармация бөлімінің ашылуы – орталықтың дамуындағы маңызды қадам.


