ШЫМКЕНТ: патрульдік полиция қызметкерлері жарақат алған балаға көмек көрсетті

0
130

Полицейлер баланы дәрігерлердің қарауына тапсырғанға дейін оның қауіпсіздігіне барынша назар аударып, қажетті көмекті ұйымдастырды.


ШЫМКЕНТ: патрульдік полиция қызметкерлері жарақат алған балаға көмек көрсетті

Шымкент қаласында патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қызмет атқару барысында басынан жарақат алып, есінен танып қалған балаға дер кезінде көмек көрсетті.

Оқиға кезінде полиция аға лейтенанттары Тойшыбек Айдос пен Уалихан Айдынға көмек сұрап азамат жүгінген. Оның айтуынша, баласының басынан жарақат алып, қан кетіп жатқан. Бала бірнеше секундқа есін жиып, кейін қайтадан есінен танып қалған.

Жағдайдың шұғылдығын түсінген тәртіп сақшылары уақыт жоғалтпай, баланы қызметтік көлікке отырғызып, қалалық балалар ауруханасына жедел жеткізді.

Полицейлер баланы дәрігерлердің қарауына тапсырғанға дейін оның қауіпсіздігіне барынша назар аударып, қажетті көмекті ұйымдастырды.

Уақытылы қабылданған шешім мен жедел әрекет адамның өмірі мен денсаулығына араша болар маңызды қадам. Бұл оқиға полиция қызметінің тек қоғамдық тәртіпті сақтаумен шектелмейтінін, қиын сәтте азаматтарға көмек көрсету де тәртіп сақшыларының басты міндеттерінің бірі екенін көрсетті.

Бөлісу