Шымкент пен Генуя бауырлас қала атанды

0
872

Өңірдің бірқатар сала жетекшілерімен ынтымақтастықты нығайту бойынша перспективалық мәселелер талқыланды.


Шымкент пен Генуя бауырлас қала атанды

Шымкент пен Генуя қалалары арасындағы екі жақты келісім орнату мақсатында Шымкент қаласы әкімдігінде қос тарапты өкілдердің қатысумен ресми кездесу өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Аталған кездесудің мақсаты екі мегаполис арасындағы мемлекеттік, сауда-экономикалық, өнеркәсіптік, туризм, мәдени және әлеуметтік салалары арасында өзара ықпалдастық және ынтымақтастық орнату.
Жиында екі елге ортақ келісім орнатылды. Өңірдің бірқатар сала жетекшілерімен ынтымақтастықты нығайту бойынша перспективалық мәселелер талқыланды.
Іс-шара барысында Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтенов пен Генуя қаласы мэрінің жаңа кәсіпорындар құру бойынша кеңесшісі Давид Фалтери мырза екі жақсы меморандумға қол қойылып, бауырлас қалалар болып бекіді.
- Республикалық қала мәртебесіне ие болған Шымкент қаласы мен Италия Республикасының жетекші қалаларының арасындағы жан-жақты қарым-қатынастың дамуы екі ел арасындағы ынтымақтастығына зор үлес қосады деп үміттенемін. Сонымен қатар, алдағы уақытта Генуя қаласымен стратегиялық жоспарларымыз, сауда-экономикалық қарым-қатынас пен бірлескен жобаларымыз жаңа белеске көтерілетініне сенімдімін, - деді қала әкімі Мұрат Әйтенов.
Генуя – Италиядағы өнеркәсібі дамыған ірі портты қаланың бірі. Сондай-ақ, ғылыми орталықтар мен университеттердің ордасы.

Еске сала кетейік, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Алматыдағы ҚХР-ның Бас консулы Цзян Вэй ханыммен кездесіп, Шымкент пен Қытайдың Сиань қаласы арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында қалалар арасында мәдениет, туризм, ауылшаруашылығы, құрылыс, жол-көлік салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру тетіктері талқыланды.
Былтыр Шымкент пен Қытай арасындағы екіжақты тауар айналымы 236,6 миллион АҚШ долларына жеткен. Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан миллионды қала арқылы Еуропа мен Азия арасындағы байланыстарды нығайтуға бағытталған "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" трансұлттық көлік дәлізі өтеді. Мегаполистің Орталық Азияда инвестициялар, технологиялар мен зияткерлік ресурстарды тартудың жаңа орталығы болуда әлеуеті зор.

Қытай тарапы республикадағы үшінші қаланың осындай мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, түрлі салада ұзақ мерзімді жобаларды іске асыруға қызығушылық танытуда. Бас консул қыркүйек айында Шымкент делегациясын Сиань қаласында өтетін экономикалық мәселелер талқыланатын ауқымды шараға қатысып, қаланың мүмкіндіктерімен танысуға шақырды.