Аталған жиында қазіргі таңда белең алып бара жатқан интернет-алаяқтарынан сақтану кеңестері айтылды.
Шымкент қаласында полицейлер интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Сонымен қатар, шымкенттік полицейлер студенттермен кездесу өткізді. Еңбекші ауданы полиция басқармасының қызметкерлерінің қатысуымен Жастар ресурстық орталығында жастарды саналы отбасылық некелі өмірге дайындау, ойланбай қарым-қатынасқа түсудің алдын алу мақсатында Авимед көпсалалы колледжінің студенттерімен кездесу өтті.
Кездесуді Еңбекші ауданы полиция басқармасының инспекторы полиция аға лейтенанты Төребай Әсела және Шымкент қаласы бойынша тәжірбиелі психолог Алдиев Ахатбай өткізді.
Мұндай профилактикалық жұмыстар қатары мектеп оқушыларымен де өткізілді. Шымкент қаласының Қазбек би атындағы №36 жалпы білм беретін орта мектебінің оқушыларымен полиция қызметкерлері отбасындағы зорлық-зомбылық ,діни ағымдар, сонымен қатар психтроптық заттардың зияндығын профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Аталған іс-шараға Еңбекші ауданы полиция басқармасының қызметкерлері мен аудан әкімшілігінің ұйымдастыруымен әр саланың мамандарымен өткізілді.