​​Шымкент полицейлері студенттерге есірткінің алдын алу бағытында дәріс өткізді

0
62

Дәріс барысында синтетикалық және өзге де психобелсенді заттардың адам ағзасына тигізетін зияны, олардың тәуелділікке әкелетін қаупі жан-жақты түсіндірілді.


​​Шымкент полицейлері студенттерге есірткінің алдын алу бағытында дәріс өткізді

Шымкент қаласы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қатысуымен студент жастар арасында профилактикалық іс-шара өткізді.

Аталған іс-шараға медициналық колледждің 100-ден аса студенті қатысты. Кездесу барысында «Қазіргі заманғы есірткі құралдары және олардың қолдану белгілері» тақырыбында дәріс оқылды.
Дәріс барысында синтетикалық және өзге де психобелсенді заттардың адам ағзасына тигізетін зияны, олардың тәуелділікке әкелетін қаупі жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, есірткіні қолданудың негізгі белгілері, оның әлеуметтік және құқықтық салдары, сондай-ақ заң алдындағы жауапкершілік мәселелері кеңінен қамтылды.
Аталған бағыттағы жұмыстар жастар арасында есірткіге қарсы мәдениетті қалыптастыруға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған. Алдағы уақытта бұл бағыттағы профилактикалық іс-шаралар жүйелі түрде жалғасын табатын болады.
Бөлісу