ШЫМКЕНТ: Президенттік жастар кадр резервіне 50 кандидат іріктеледі

0
629

Биылғы жастар Президенттік кадр резервіне іріктеудің жаңашылдығының бірі үміткерлерге мемлекеттік тілді білу деңгейін растайтын құжат талап етіледі.


 ШЫМКЕНТ: Президенттік жастар кадр резервіне 50 кандидат іріктеледі

Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Әли Көмекбаев және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Әділет Нысанбаевтың қатысуымен брифинг өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Баспасөз мәжілісінде Әли Амантайұлы Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу туралы айтты.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Президент жанындағы жастар кадр резерві жөніндегі Ұлттық комиссия резервке және оны өткізу жоспарына қатысты іріктеу тәртібін бекітті. Яғни, осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап резервке кезекті іріктеу басталады. Оның қорытындысы бойынша мемлекеттік сектор үшін 50 резервші іріктеледі. Негізгі талаптар: азаматтығы, жасы, білімі және жұмыс өтілі, – деді департамент басшысы.
Спикердің сөзінше, конкурсқа қатысуға 35 жастан аспаған, жоғары білімі және кемінде бес жыл еңбек өтілі бар ҚР-ның азаматтары жіберілмек. Бұл іріктеудің алдыңғы іріктеуден айырмашылығы – рекрутинг процесі талап етілетін білімді, дағдыларды анықтауға ғана емес, сонымен қатар, кандидаттардың шынайы мотивтері мен олардың құндылық бағдарларын бағалауға бағытталған.