ШЫМКЕНТ: Сәуле шағынауданы талшықты оптика желісімен қамтылады

0
800

Сәуле шағын ауданындағы 9000 нан астам қала тұрғындарын сапалы интернетпен қамтуға толық мүмкіндік жасалынуда.


ШЫМКЕНТ: Сәуле шағынауданы талшықты оптика желісімен қамтылады
Шымкент қаласы Сәуле шағынауданы сапалы интернетпен қамтылуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ең алдымен цифрлық теңсіздікті жою, интернетке барынша қолжетімділікті және барлық азаматтардың сапалы байланысқа қосылуын қамтамасыз ету қажет екенін атап өтті.

Бұл міндеттемені жүзеге асыру мақсатында Шымкент қаласындағы шалғай орналасқан елдімекен тұрғындарын сапалы интернетке қосу мақсатында инвесторлар тартылды.
Соның бірі Әл-Фараби ауданына қарасты 9000-нан астам халқы бар Сәуле шағын ауданын оптикалық желі арқылы сапалы интернетпен қамту үшін қалалық цифрландыру басқармасының тарпынан бірқатар жұмыстар атқарылып, жеке инвесторлармен келісімдер жүргізген болатын.
Бүгінгі таңда, Сәуле шағын ауданына «СпецавтоматикаСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан оптика желісі толық (100%) жүргізіліп, 2500-ғе жуық үйге талшықты оптика желісі жалпы саны 200 км қамтитын абоненттік кабель тартылды. Нәтижесінде, Сәуле шағын ауданындағы 9000 нан астам қала тұрғындарын сапалы интернетпен қамтуға толық мүмкіндік жасалынуда.
Интернет сапасын арттыру, әсіресе, оқушылар мен студенттерді қашықтан оқытуға байланысты аса өзекті мәселе болып отыр. Әрбір тұрғын үй мен ұйымда орналасқан жеріне қарамастан сапалы интернет пен байланыс желісі болуы керек. Осыған орай, қазіргі таңда компания тарапынан тұрғындардан интернетке қосылуға өтінімдер қабылдануда. Тұрғындар тарапынан кеңжолақты интернет желісіне қосылуға нақты өтінімдер берілген жағдайда, «СпецавтоматикаСервис» компаниясы шағын ауданды толыққанды талшықты оптика желісімен (200 Мбит/сек жылдамдығына дейін) қамтамасыз ететін болады.