Бүгінде шағынаудандарда 100-ден астам үй сапалы интернетке қосылды.
Шымкент қаласы «Сәуле» және «Бадам» елді мекендері сапалы интернетпен қамтылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданына қарасты «Сәуле» шағынауданы және «Бадам» тұрғын алабын сапалы интернетпен қамту жұмыстары жоспарланып, цифрландыру басқармасы тарапынан жеке инвесторлар тартылған болатын.
Бүгінгі таңда «Спецавтоматика сервис» ЖШС тарапынан аталған елді мекендердегі орталық көшелерде талшықты оптика желісі толық жүргізіліп, 20 шақырым абоненттік кабель тартылды.
Жыл соңына дейін «Сәуле» және «Бадам» елді мекендеріндегі 12000-нан астам тұрғын сапалы интернетпен қамтылады. Бүгінде шағынаудандарда 100-ден астам үй сапалы интернетке қосылды.
Сонымен бірге, қазіргі уақытта тұрғындардан интернетке қосылуға өтінімдер қабылдануда. Тұрғындар тарапынан кең жолақты интернет желісіне қосылуға нақты өтінімдер берілген жағдайда «Спецавтоматика Сервис» компаниясы шағынауданды толыққанды талшықты оптика желісімен (200 Мбит/сек жылдамдығына дейін) қамтамасыз ететін болады.