​ШЫМКЕНТ: саябақта есірткі жасырып жүргендер ұсталды

0
82

Психотроптық заттардың 20-дан астам орамалары тәркіленді.


​ШЫМКЕНТ: саябақта есірткі жасырып жүргендер ұсталды

фото: Шымкент ПД жариялаған видеодан скриншот

Шымкент қаласында полиция қызметкерлері есірткі құралдарын таратумен айналысқан күдіктілердің әрекетіне тосқауыл қойды.

Патрульдеу барысында тәртіп сақшылары екі ер адамның күмәнді әрекетіне назар аударған. Тексеру кезінде олардың «жасырын қойма» тәсілімен, яғни есірткі заттарын түрлі орындарға тығып қалдыру арқылы таратумен айналысқаны анықталды.
Аумақты тексеру және ұсталғандарды жеке тінту барысында сатуға дайындалған психотроптық заттардың 20-дан астам орамалары тәркіленді. Сондай-ақ, жасырын орындармен бөлісу үшін пайдаланылған ұялы телефондар да айғақ ретінде алынды.
Күдіктілер қамауға алынды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Бөлісу