ШЫМКЕНТ: Шалғай аудандағы жастарға арналған спорттық шара өткізілді

0
432

Спорттық іс-шара Қаратау ауданына қарасты шалғайда орналасқан Қызылсай елді мекенінде өтті.


ШЫМКЕНТ: Шалғай аудандағы жастарға арналған спорттық шара өткізілді

Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының Қаратау аудандық бөлімшесі мен Аутрич және NEET жастармен жұмыс бөлімінің ұйымдастыруымен жастарға арналған спорттық шара өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Спорттық іс-шара Қаратау ауданына қарасты шалғайда орналасқан Қызылсай елді мекенінде өтті.

Аталған шараның мақсаты - шалғай елді мекендегі жастарды саламатты өмір салтына баулу, жастарға арналған түрлі мемлекеттік бағларламар туралы ақпарат беру, орталық жанындағы түрлі үйірмелер жайлы мәлімет тарату.

Шара барысында жасөспірімдер топтарға бөлініп футбол, шахмат ойындарын ойнап, жеңімпаз топтарға арнайы алғыс хаттар табысталды.