ШЫМКЕНТ: Тассай елді мекенінде кәріз жүйесінің құрылысы жүргізіліп жатыр

0
682

Жоба бойынша нысан құрылысы 2022 жылға өтпелі.


ШЫМКЕНТ: Тассай елді мекенінде кәріз жүйесінің құрылысы жүргізіліп жатыр

Шымкент қаласы Тассай елді мекенінде кәріз жүйесінің құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласының Тассай елдімекенін кәріз жүйесімен қамту бойынша «Сарыағаш аман» ЖШС тарапынан биыл мамыр айында құрылыс жұмыстары басталған болатын.
Бүгінде құрылыс жұмыстарының 33 пайызы аяқталған. Жоба бойынша нысан құрылысы 2022 жылға өтпелі.
Қазіргі уақытта құрылыс жұмысы өндірістік кестеге сәйкес атқарылуда. Қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Б.Булатбеков құрылыс жұмыстарының сапасын бақылап қайтты.
Қала тұрғындарын инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін бұған дейін тас төселген көшелер де қазылады. Жауын-шашын кезінде тұрғындардың жүріп-тұруына кедерді жасамау үшін мердігер мекеме тарапынан қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінде Тассай елдімекенінде барлығы 76 көшеде кәріз жүйесінің құрылысы жүрсе, оның 38-іне тас төселіп, қайта қалпына келтірілді. Қалған көшелерге Қаратау ауданы әкімдігімен бірлесіп қазан айының соңына дейін, тас төселетін болады.