​ШЫМКЕНТ: Тәуелсіздік саябағына сәндік ағаштар отырғызылды

0
1 039

Күздің алғашқы көшетін отырғызу үшін қала әкімі Мұрат Әйтенов саябаққа арнайы келді.


​ШЫМКЕНТ: Тәуелсіздік саябағына сәндік ағаштар отырғызылды

Бүгін Шымкенттегі "Тәуелсіздік" саябағында қала әкімдігі 300 түптен астам сәндік ағаш көшеттерін отырғызды, деп жазады ERNUR.KZ.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Қазақстан халқына Жолдауында «Бес жыл ішінде орман алқабында 2 миллиард, елді мекендерде 15 миллион ағаш отырғызылатын болады. Бұл еліміздегі көгалдандыру ауқымын кеңейтуге септігін тигізеді» деген болатын.
Президент айтқан межені жүзеге асыру мақсатында осы жылдың күз мезгілінде қала аумағында 700 мыңнан астам көшет сенбіліктер аясында егіледі.
Күздің алғашқы көшетін отырғызу үшін қала әкімі Мұрат Әйтенов саябаққа арнайы келді. Сондай-ақ, тұрғындарды қаланың жасыл желекке айналуына үлес қосуға шақырды.Саябақта шырша, арша, қарағай, үйеңкі сынды түрлі хош иісті ағаш көшеттері егілді. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады.
Бұл күні қала әкімдігінің құрылымдық 10-нан астам басқарма қызметкерлері Асанбай Асқаров атындағы дендрологиялық саябағына тазалық жұмыстарын жүргізді.