Шымкент: Темір тордағы нәзік жандылар кәсіптік білім алуда

0
967

Арнайы жабдықталған тігін шеберханасында 67 әйел жұмыс істейді


Шымкент: Темір тордағы нәзік жандылар кәсіптік білім алуда

Шымкенттегі ИЧ 167/4 түзеу мекемесіндегі нәзік жандылар кәсіптік сауатын арттыруда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Олар ұмыт болып бара жатқан құнды дүниелерімізді жаңғыртып, қол өнермен айналысуда.

Арнайы жабдықталған тігін шеберханасында 67 әйел жұмыс істейді. Қазақтың құрақ көрпесі мен түрлі нақыштағы ою-өрнекпен көмкерілген ұлттық киімдер және қазіргі таңда көп қолданыстағы түрлі бұйымдарды тапсырыспен тігеді. Сонымен қатар қыз жасауларын,бесік жабдықтарын өз қолдарымен жасап шығаруда. Қапастағы қас шебердің қолынан шыққан қолөнер бұйымдары көптің назарына ілігіп, қазіргі таңда сұранысқа ие.

Жазасын өтеуші Жұмагүл Демесенованың қолынан шыққан кестелі бұйымдарына қарасаң көз тоймайды. Оның айтуынша мұндай тігін шебері болуды, бұрын соңды ойлапта көрмеген.Тігін мамандығы бойынша 10 айлық курсты оқып, бүгінгі таңда соның жемісін көруде.

- Оқудан соң, осында жұмысқа орналастым. Мұнда бәрі жақсы. Қолымыздан келгенше көрпе-жастық тігеміз, құрақ құраймыз. Құр отқаннан әлде қайда жақсы. Бұл жерден шыққан соң, осы кәсіпті одан ары қарай дамытуға ниеттеніп отырмын, - дейді ол.

Жазасын өтеушілер уақытын босқа өткізбей, білім алып, теолог және психолог мамандардан дәріс алады. Істі болған азаматшалардың басым бөлігі жаман әдеттерінен арылып, "қалған өмірімізді отбасында, ошақ қасында өткізгіміз келеді" дейді.