Кездесу барысында оқушылар өз көкейлеріндегі сауалдарын қойып, оған толыққанды нақты жауаптар алды.
Шымкент қаласы Қаратау ауданы жастар ресурстық орталығы және Қаратау ауданы ТЖБ қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 58 жалпы орта мектебінде төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында іс-шара өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Аталған іс-шара барысында Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері өрттен сақтану шараларын оның алдын алу жолдарын айтып өтті. Сонымен қоса, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертті.
Кездесу барысында оқушылар өз көкейлеріндегі сауалдарын қойып, оған толыққанды нақты жауаптар алды.
Еске сала кетейік, Шымкент қаласында болып жатқан барлық төтенше жағдайлардың 86%-ы өрттің салдарынан болған. Қауіп жылыту кезеңі қарсаңында күрделене түсуде. Қалада соңғы 8 айда 131 өрт тіркеліп, 1 адам қаза тапса, 2 адам жарақат алған. Өткен жылмен салыстырғанда бұл 13%-ға өскенін көрсетеді. Алдағы жылыту маусымында қауіпсіздік шараларын барынша сақтап, қалалық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою үшін қала әкімі Мұрат Әйтенов құзырлы мекемелерге тиісті тапсырмалар жүктеді. Анықталғандай, статистикалық мәліметтер негізінде мұндай немқұрайдылықтың негізгі себептері қала азаматтырының қоқысты жинап жағу, сөндірілмеген темекі тұқылдарын тастау, балдардың отпен ойнауы, шыны ыдыстарды құрғақ шөпке тастап кетуінен орын алған. Айта кетейік, жыл басынан бері Шымкент қаласының аумағында табиғи өрт тіркелмеген. Қала аумағында орман-дала өрттерін болдырмау мақсатында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын 53 км және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының бойында 320,2 сондай-ақ орман алқаптарында 300 км, 377 км егіс алқаптарының айналасында минералдық жолақтар салу жұмыстары жүргізілді. Орман шаруашылық қожалықтары және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп өрт- тактикалық оқу жатығу өткізілді.