Техникалық тексеру нәтижелері бойынша реновация бағдарламасына тозығы жеткен 107 тұрғын үй енгізілген.
Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасының басшысы Ғалымжан Утенбаев Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімі Есілбек Досбол Күздікбайұлымен кездесу өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Аталған реновациялық бағдарлама инвесторлар арқылы азаматтық заңнамаға сәйкес жүзеге асырылатын болады.
Реновация бағдарламасы әкімдіктің қаулысымен "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында бекітілді. Аталған бағдарлама тұрғындардың келісімі алынатын үйлердің тізбесі анықталып, іске асыру көзделіп отыр. Тұрғын емес үй-жайлардың меншік иесінің мүлкін реквизициялау кезінде оның құны толығымен өтелу арқылы меншік иесі келіскен жағдайда, өткізілетін мүлік үшін өтемақы немесе салынып жатқан нысандардағы ауданы жағынан бірдей тұрғын емес үй-жайлар беру арқылы қамтамасыз етіледі.
Айта кету керек, техникалық тексеру нәтижелері бойынша реновация бағдарламасына тозығы жеткен 107 тұрғын үй енгізілген. Оның ішінде Абай ауданы бойынша - 56, Әл-Фараби ауданы бойынша - 43, Еңбекші ауданы бойынша - 8 тұрғын үй бар.
Кездесу соңында ағымдағы жылға көппәтерлі бірқатар тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жұмыстары талқыланды.