​ШЫМКЕНТ – ЦИФРЛЫҚ ДАМУДЫҢ ЖАҢА ОРТАЛЫҒЫ

0
54

Форум еліміздің барлық өңірлерін біріктірген біртұтас цифрлық алаңға айналып отыр.


​ШЫМКЕНТ – ЦИФРЛЫҚ ДАМУДЫҢ ЖАҢА ОРТАЛЫҒЫ

Шымкент қаласы бүгінде еліміздің цифрлық трансформация үдерісінде жетекші алаңдардың біріне айналуда. Бұған дәлел – халықаралық деңгейдегі Digital Qazaqstan 2026 форумының үшінші мегаполисте өтуі.

Бұған дейін көпшілікке таныс Digital Almaty алаңы жаңа форматта трансформацияланып, республикалық ауқымдағы ірі платформаға айналды. Бұл бастама өңірлердің әлеуетін біріктіріп, экономиканың нақты секторына жасанды интеллект технологияларын енгізуге бағытталған. Шымкенттің алғашқы алаң ретінде таңдалуы – өңірлік дамуға басымдық берудің айқын көрінісі.
Форумның негізгі тақырыптарының бірі – «Industry 5.0: Іс-қимыл бірлестігі». Бұл жаңа индустриялық кезеңде адам мен технологияның үйлесімді ықпалдастығы басты назарға алынуда. Сарапшылар жасанды интеллект, деректерді өңдеу және робототехника салаларындағы шешімдердің өндіріс тиімділігін арттырудағы рөліне тоқталып, оларды мемлекеттік басқару мен өнеркәсіпке енгізудің нақты тетіктерін талқылауда.
Сонымен қатар, бағдарламада корпорацияларды венчурлік капиталға тартуға арналған стратегиялық сессиялар қарастырылған. Бұл инновацияларды қолдау мен инвестициялық мүмкіндіктерді кеңейту арқылы еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі саналады.
Форум еліміздің барлық өңірлерін біріктірген біртұтас цифрлық алаңға айналып отыр. Қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, цифрлық трансформацияның үздік кейстерін ұсынуда. Интерактивті аймақтарда отандық әзірлеушілердің робототехника және автономды жүйелер саласындағы жетістіктері таныстырылуда.
Алдағы уақытта жасанды интеллектті енгізудің үздік жобалары Digital Qazaqstan Awards ұлттық сыйлығымен марапатталмақ. Айта кету керек, форум толықтай серіктестер мен демеушілердің қолдауымен ұйымдастырылуда.
Қорыта айтқанда, Digital Qazaqstan 2026 – еліміздің цифрлық болашағын айқындайтын, өңірлердің мүмкіндігін жаңа деңгейге көтеретін маңызды стратегиялық алаң.
Бөлісу